Даму стратегиясы
ӘРІ ҚАРАЙ ОҚУ
БІЗДІҢ ПАЙЫМЫМЫЗ

«Ембімұнайгаз» АҚ – қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына сәйкес, жоғары білікті қызметкерлері бар және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ететін тиімді ресурстық базаға ие мемлекеттік мажоритарлы қатысуы бар аса тиімді мұнай-газ компаниясы.

БІЗДІҢ МИССИЯ

Біз мұнай мен газды әлеуметтік және бизнес-мүдделерді теңестіру жолымен қызметкерлер үшін тұрақтылық пен акционерлер үшін тиімділікті қамтамасыз ету үшін өндіреміз.

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Адам өмірі – біздің шартсыз құндылығымыз. Өзіміз және әріптестеріміз үшін қауіпсіздік мәдениетін енгізу арқылы қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету. Жұмысқа келген қызметкерлер үйіне аман-есен оралуы тиіс.

Істі аяғына дейін жеткіземіз. Компания көзделген нәтижелер мен алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылуда. Біз нәтижеге жетуге ынталы қызметкерлерді бағалай білеміз.

Туған жер мен Компанияға ұқыпты қарау. Компания қоршаған орта мен Компания мүлігіне ұқыпты қарайтын қызметкерлерді бағалай біледі.

Кәсіпқойлық. Компания қызметкерлерінің кәсіпқой деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Біз жаңа білім алуға ұмтылатын қызметкерлерді бағалай білеміз және мансаптық жетілудің тең жағдайларын жасаймыз.

Этика және жеке тұлғаны құрметтеу. Компания өзара құрмет пен сенімге негізделген қатынастар мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады.

Стратегиялық басым мақсаттар

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесі Компанияның 2027 жылға дейінгі Даму концепциясын бекітті. Концепция Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына, соның ішінде Қазақстан Республикасының 2050 Даму стратегиясына, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ даму стратегиясына сәйкес әзірленді.

Даму концепциясы шешім қабылдау кезінде Компанияның басшылыққа алатын және, оның пікірі бойынша, бизнесті табысты дамуын алдын ала анықтайтын ережелер мен тұжырымдамалар кешенін анықтайды. Бұл құжат алдағы бағдарламалық құжаттарды, болжамдық қаржы-экономикалық модельдерді (бизнес-жоспарларды), тәуекелдерді басқару жүйесін, Компанияның жыл сайынғы бюджетін әзірлеу үшін, сондай-ақ Компанияның жобалар портфелін, соның ішінде инвестициялық жобаларды құру кезінде негіз ретінде қолданылады.

Даму концепциясына сәйкес шешім қабылдау кезінде Компанияның негізгі стратегиялық басымдылықтары мыналар болып табылады:

Кірістілік
Компания болмысының ажырамас бөлігі ретіндегі кірістілік.
Әлеуметтік тұрақтылық
Персоналды ағымды және жаңа жобаларға тиімді бөлу арқылы Компания қызметкерлерінің жұмыс бастылығын қамтамасыз ету.
Өндірісті автоматтандыру
Еңбек өнімділігін және өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Энерготиімділік
Ағымды және жаңа жобалар бойынша технологияларды таңдау барысында Компания басымдылықты энерготиімді технологияларды пайдалануға береді.
Экология
Жер қойнауын тиімді пайдалану және қоршаған ортаға кері әсерді азайту. Өндірістің өсуі жағдайында Компания экологияға кері әсерді азайтатын жаңа технологияларды енгізеді.
Даму концепциясын іске асыру «Ембімұнайгаз» АҚ-на өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға және Компанияның көптеген мың ұжымына болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Стратегиялық жобалардың мақсаттар ағашы
2018-2019 жж. аралық нәтижелер .
Ресурстық базаны арттыру:

ГБЖ:

1. Ембі-5-те геологиялық ізденіс – жұмыстар аяқталған, келісімшарттық аумақ Мемлекетке табысталған

2. 3577 келісімшарт (Қаратон тұзүсті кешені бойынша)  – іске асырылуда (қазіргі сәтте сейсмикалық деректерді серпінді түсіндіру жүргізілуде)

3. 327 келісімшарт «Тайсойған блогында КСШ барлау және өндіру» – іске асырылуда (құрылымдық және серпінді түсіндіру жүргізілуде)

Толық барлау:

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ Даму стратегиясында және Компанияның Даму концепциясында анықталған міндеттердің шегінде «Ембімұнайгаз»  АҚ барлау учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және қолданыстағы кен орындарын толық барлау арқылы мұнай мен газдың ресурстық базасын толықтыру бойынша жүйелі жұмысты сәтті жүргізіп келеді. Осы бағыттағы кешенді жұмыстың нәтижесінде 2019 жылы 14,8 млн тонна көлемінде айтарлықтай өсім қамтамасыз етілді. Былтырғы жылдың нәтижелері бойынша 01.01.2020 ж. жағдай бойынша «Ембімұнайгаз»  АҚ қалдықтық шығарылатын қорлары 01.01.2019 жылғы 74,3 млн тоннамен салыстырғанда 86,2 млн тоннаны құрады. 2019  жылы ҚР Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы С. Нұржанов, Кенбай (Шығыс Молдабек учаскесі), Досмухамбетовское, Ботахан қолданыстағы кен орындары және қайта ашылған Батыс Қарасор кен орны бойынша мұнай қорларын қайта бекітіп, балансқа қабылдады.

Қызылқоға ауданындағы Тайсойған учаскесінде көлемі 5 600 кв. км құрайтын ауқымды далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын аяқтады. Қазіргі уақытта 3Д ЖТНӘ алынған деректерді өңдеу және түсіндіру жүргізілуде. Оның қорытындылары бойынша іздестіру-барлау үшін бұрғылауды қою мақсатында перспективалы құрылымдар дайындалады.

«Ембімұнайгаз» АҚ мұнайдың қалдықтық қорларын шығарудың заманауи тәсілдері мен технологияларын енгізіп жатыр. Осындай технологиялардың бірі тік ұңғымалармен салыстырғанда тиімділігі жоғары көлденең ұңғымаларды игеру болып табылады. 2019 жылы Ембіде 5 көлденең ұңғыма бұрғыланды. Қазіргі сәтте төртеуі – қолданысқа берілген және мұнайдың жоғары дебиттерін қамтамасыз етуде, ал біреуі – сынақтан өткізілуде. Алдағы уақытта Компания 300 м дейінгі тік тереңдікте орналасқан тұтқырлығы жоғары қыртыстарда көлденең ұңғымаларды бұрғылауды және жыл сайын пайдалану үшін бұрғылаудағы көлденең ұңғымалардың үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

Операциялық тиімділік:

Компанияда өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғастырылуда. Мұнай өндірудің жоспарлы көрсеткіштерін орындау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жылдық жоспары сәтті іске асырылып келеді. 2019  жылдың қорытындылары бойынша жөндеу аралық кезең ұзартылды.

2019 жылы арнайы техниканы шынайы уақыт режимінде пайдалану жобасы бойынша енгізілген бұлтты шешімдердің арқасында «Ембімұнайгаз»  АҚ автокөлік паркін бірыңғай басқару жүйесіне ауысты. Нәтижесінде жанар-жағармай материалдарын тұтыну көлемі азайды, көлік құралдарының есебін жүргізу автоматтандырылды, шығындардың өзіндік құнын есептеу дәлдігі артты және игеру учаскелеріндегі шығыстар жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы техниканы күтуді қысқартудың арқасында барынша азайтылды. Бүгінгі таңда шешімдер компанияның алты бөлімшесінде енгізілді, қолданыстағы ІТ-жүйелермен біріктіру жүргізілді. Жобаның қорытындылары бойынша ұйымдық құрылым қайта қаралды, ішкі процедуралар мен есеп жүйесіне өзгертулер енгізілді, авто паркті пайдалану тиімділігі жоғарылады, бірден бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік берген ІТ-шешімдердің негізінде бірыңғай интеграцияланған ақпараттық орта құрылды: басқару, бақылау және есеп жүргізу үдерістерінің айқындығын қамтамасыз ету; регламенттік және басқарушылық есептілікті дайындау уақытын азайту, деректердің анықтығын арттыру және адами фактордың әсерін барынша азайту.

Ілеспе газды кәдеге жарату:

Прорва кен орындары тобының ілеспе мұнай газын кешенді дайындау қондырғысы қолданысқа енгізілген күннен бастап Компания жағылатын ілеспе мұнай газының көлемдерін айтарлықтай азайтты.

Стратегиялық индикаторлар

ПӘК Бірл. 2018 (НАҚТЫ) 2019 (ЖОСП) 2019 (НАҚТЫ) 2020 (ЖОСП) 2022 (ЖОСП) 2027 (ЖОСП) 2032 (ЖОСП)
Қорлар млн тонна 74,30 77,009 86,235 85,820 202,64 184,68 146,24
Өндіру көлемдері млн тонна 2,9 2,9 2,9 2,8 3,99 3,15 11,3
Мұнайдың лифтинг
шығындарының өзіндік
құны
теңге/тонна 23 000,44 26 981,68 24 458,14 30 868,58 - - -
Персонал саны ад. 4 942 5 222 4 928 5 150 5 100 5 060 -
ROACE % 27% 25% 33% 17% >WACC >WACC >WACC
EBITDA млн долл. 337,7 376,8 430,8 265,6 384,1 248,3 1 840,7
EVA млн долл. 139,21 103,1 172,8 42,8 >0 >0 >0

Негізгі тәуекелдер

Тәуекелдерді басқару үшін Компанияда тәуекелдерді басқару құжаттары мен процедуралары әзірленген және бекітілген. Компания Даму концепциясын іске асырудың келесі негізгі тәуекелдерін және оларды барынша азайту бойынша іс-шараларды анықтады:

Факторлар Ықтимал әсері Барынша азайту шаралары
1 Өндірудің өзіндік құнының жоғары болуының себебінен игеру кезеңінде тұрған кен орындарында өндіру көлемдерінің төмендеуі Өндіру көлемдерінің төмендеуі Геологиялық барлау және M&A мәмілелер есебінен қорларды арттыру
2 Тұзасты Қаратон жобасы бойынша перспективалы қыртыстардың орналасу тереңдігінің себебінен геологиялық тәуекелдер деңгейінің жоғары болуы Компания құнының төмендеуі Стратегиялық серіктесті тарту
3 Дивидендтердің басым көлемін акционердің алуының салдарынан жобаларды қаржыландыру үшін инвестициялық әлеуеттің төмендеуі Қорлар мен өндірудің өсімінің болмауы Акционердің концепцияны (с.і. инвестициялық және дивидендтік саясаттарды), инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын бекітуі.
4 Мұнай бағасының арзандауы (базалық сценарийден төмен) Компания түсімінің төмендеуі Өзіндік құнды төмендету бойынша бизнес-бастамаларды іздестіру
5 Қазақстан экономикасының макропараметрлерін келеңсіз өзгерту (теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы, инфляция деңгейі) Компания құнының төмендеуі, шығын бөлігінің жоғарылауы Компанияның салық саясатын оңтайландыру бойынша шараларды әзірлеу және қолдану
6 Заңсыз ереуілдердің пайда болу тәуекелі Қызметтегі үзілістер Үдерістерді аутсорсингке аудару бойынша салмақты саясат Персоналды қайта дайындау бағдарламаларын дер кезінде жүзеге асыру Компанияның әлеуметтік климатын мониторингтеу және талдау