Менеджмент есебі
ӘРІ ҚАРАЙ ОҚУ
Экономикалық ортаға шолу
Компанияның қаржылық ахуалына әсер ететін негізгі макроэкономикалық факторлар қатарына жатады: мұнай бағаларының динамикасы, инфляция қарқыны, валюталық бағамдардың, атап айтқанда, теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының ауытқулары.
90,4
млн тонна
Қазақстанда мұнай
өндіру 2019 ж.

Негізгі макроэкономикалық индикаторлардың серпіні

Атауы 2016 2017 2018 2019
Brent (DTD) орташа бағамы 43,73 54,19 71,31 64,21
Инфляция деңгейі – Қазақстан (%) 8,50 % 7,10 % 5,00 % 5,75 %
Орташа айырбастау бағамы (1 АҚШ доллары үшін теңге) 342,16 326 344,71 382,75

2019 жылы Brent орташа бағамы 2018 жыл деңгейімен салыстырғанда 10 % азайды. Іргелі экономикалық факторлардан (сұраныс пен ұсыныстан) басқа мұнай нарығы геосаяси оқиғаларға сезімтал болып табылады. Қазіргі уақытта мұнай нарығын бірнеше негізгі геосаяси текетірестер мұнай бағасын арттыру немесе азайту жағына қарай әсер ете алады: АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы, Brexit, Иран және Венесуэлаға қарсы санкциялар, АҚШ-ғы 2020  жылғы президенттік сайлау, Таяу Шығыстағы (Сирия, Йемен) тұрақсыздық, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарулы шиеленіс. .

Әлем бойынша көмірсутек қорларының 55 трлн баррель мұнай баламасы ашылған. Қолданыстағы технологиялар 4,9 трлн баррель н.б. игеруге мүмкіндік береді. 2050  жылға қарай технологиялар дамыған сайын техникалық шығарылатын қорлар 50 % көбеюі мүмкін – бұл бүгінгі күні «Ембімұнайгаз»  АҚ-ның жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға көп көңіл бөліп жатқанының себебі болып табылады.

ҚР Энергетика министрлігінің алдын ала берген деректері бойынша 2019 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемдері 90,4 млн тоннаны құрады. Осылайша, өндіру көлемі 90,36 млн тоннаға жеткен 2018  жылдың рекордты көрсеткіштері сақталды. Өндірудің жоғары көлемдерін сақтау ірі жобаларда (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) жөндеулердің жүргізіліп жатқанын ескерсек, айтарлықтай жетістік болып табылады.

Қазақстанда мұнай өндіру, млн тонн
2015   
79,5
2016   
78
2017   
86,2
2018   
90,36
2019   
90,4
2020п
91
2023п
100
2024п
101
2025п
105
Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігі

2025 жылға қарай Қазақстанда жылдың мұнай өндіру көлемдері 105 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Бұл бірінші кезекте ең ірі жобаларда өндіруді кеңейту және ұзарту бойына инвестициялық жобалармен қамтамасыз етілетін болады.

Алдын ала берілген деректер бойынша 2019 жылға қарай газ өндіру көлемдері 56,3 млрд текше метрді немесе 2018  жылмен салыстырғанда 1,4 % құрады. ҚР Энергетика министрлігі хабарлағандай, мемлекет ішінде газ тұтыну көлемі жыл сайын 4–5 % деңгейінде артып келе жатыр. 2019  жылы газ тұтынудың ішкі көлемі 15,8 млрд текше метрді құрады (2018 жылмен салыстырғанда 5 % артты).

«Ембімұнайгаз» АҚ бойынша мұнай өндіру, мың тонна

2019 жылы мұнай өндіру көлемдері жоспарлы мәндерден 4,69 мың тоннаға артты және айтарлықтай болған 2018 жыл деңгейінен 4,36 мың тоннаға жоғарылады. Нәтижесінде 2019  жылы 2 899,69 мың тонна өндірілді. Бұл ретте орташа тәуліктік мұнай өндіру тәулігіне 7 932 тоннаны құрады. 2020 жылға арналған жоспар 2 820 мың тонна деңгейінде белгіленді.
МГӨБ 2014 жыл
Нақты
2015 жыл
Нақты
2016 жыл
Нақты
2017 жыл
Нақты
2018 жыл
Нақты
Жосп 2019 жыл
Нақты
Ауыт. 2020 жыл
Жосп
«Жайықмұнайгаз» МГӨБ 962,6 960,3 954,2 953,7 944,2 922,0 923,3 1,3 881,0
«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ 964,5 962,6 989,1 1 034,9 1 109,9 1 118,6 1 120,4 1,8 1 100,7
«Доссормұнайгаз» МГӨБ 404,7 411,8 404,3 371,5 366,5 365,3 365,8 0,5 358,1
«Кайнармұнайгаз» МГӨБ 490,9 488,4 484,4 479,9 474,8 489,1 490,2 1,1 480,2
«Ембімұнайгаз» АҚ 2 822,7 2 823,0 2 832.0 2 840,0 2 895,3 2 895,0 2 899,7 4,7 2 820,0
2020 жылға міндеттер