Директорлар кеңесі
төрағасының жолдауы
Былтырғы жыл Қазақстандық мұнай-газ саласының 120-жылдық мерейтойымен есте қалды. Оның тарихы сонау 1899 жылғы Қарашұңғыл Ембі құрылымындағы алғашқы мұнай фонтанынан бастау алады.
Құрметті әріптестер мен серіктестер!

Сіздердің алдарыңызда «Ембімұнайгаз» Акционерлік қоғамының 2019 жыл ішіндегі қызметінің қорытындылары бойынша жасалған есеп ұсынылып отыр. Былтырғы жыл Қазақстандық мұнай-газ саласының 120-жылдық мерейтойымен есте қалды. Оның тарихы сонау 1899 жылғы Қарашұңғыл Ембі құрылымындағы алғашқы мұнай фонтанынан бастау алады.

Бүгінгі мұнайлы Ембі тиімді өндірістік қызмет жүргізуде және таңдап алынған миссиясына сәйкес акционері – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ–на кірісті, өз қызметкерлері үшін тұрақтылықты ойдағыдай қамтамасыз етуде. Саланың мерейтойлық жылының ішінде Ембі мұнайшылары мұнай өндіру бойынша жоспарды асыра орындады. 2019 жылдың қорытындылары бойынша таза пайда 101 млрд теңгеден асты. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 22 млрд теңгеге артық. 2019 жылы Компания мемлекет бюджетіне 193,1 млрд теңге төледі.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Даму стратегиясында және Компанияның Даму концепциясында анықталған міндеттер аясында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның барлау учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және қолданыстағы кен орындарын толық барлау арқылы мұнай мен газдың ресурстық базасының орнын толтыру бойынша жүйелі жұмыс нәтижелі жүріп жатыр. Осы бағыттағы кешенді жұмыстың нәтижесінде 2019 жылы 14,8 млн тонна көлемінде қордың айтарлықтай өсімі қамтамасыз етілді.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды құндылық деп белгілеген Компания өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында бастамаларды енгізуде. Бұл қызметкерлердің өлім-жітімі бойынша нөлдік көрсеткіштерді өзгеріссіз қалдыруға мүмкіндік берді. Компания қызметкерлерінің бес жарақаттану жағдайын тергеу қорытындылары бойынша корпоративтік орталық – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның стандарттары шегінде олардың пайда болуына алып келген факторларды жою бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Прорва кен орындары тобының ілеспе мұнай газын кешенді дайындау қондырғысын қолданысқа енгізгеннен бастап Компания өртелетін ілеспе мұнай газ көлемдерін айтарлықтай азайтты. Тарихи ластануларды жою бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мазутталған жерлерді Рекультивациялау жоспарын іске асыру аясында, 2016  жылдан бастап 2020  жылға дейінгі аралықта ластанған аумақ ауданы  – 136,43 гектардан 78 га дейін, тарихи қалдықтар көлемі – 595-339 тоннадан 371-120 тоннаға дейін азайды. 2020  жылы мазутталған қалдықтар көлемі 143-310 тоннаны құрайтын 23,9 га жерді тазарту жоспарланып отыр. Су ресурстарын оңтайлы пайдалану, қалдықтарды басқару және өндірістік нысандарды көгалдандыру бойынша бастамалар енгізілуде. 2019 жылы «Ембімұнайгаз»  АҚ Ресей Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және «КРЕОН» тобы ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен және БҰҰ Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, ұйымдастырған экологиялық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан мұнай-газ компанияларының Ашықтық рейтингісінде үшінші орынға ие болды.

Мәлімделген нәтижелер мен қойылған мақсаттарға жету туралы құндылықты басшылыққа ала отырып, «Ембімұнайгаз» АҚ Компанияның рентабельді кен орындарына «Зияткерлік кен орны» концепциясын сәтті тираждауда. Бұл жұмысты 2023 жылы аяқтау көзделуде. Сонымен бірге «Зияткерлік кен орны» жобасын кеңейту және басқа да жобаларды іске асыру мақсатында жаңа ІТ-шешімдерді, соның ішінде халықаралық мұнай-газ компаниялары енгізген ІТ-шешімдерді зерделеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Компания мұнай шығару коэффициенттерін арттыру бойынша жаңа технологияларды, газ бизнесін дамыту, өндірістік инфрақұрылымды, мұнай кәсіпшілігі жабдықтары мен арнайы техникасын жаңарту бойынша жобаларды сәтті енгізуде, жолдарды және Ембінің әрі қарай дамуы үшін қажеттінің бәрін жөндеуге және салуға қаражатты инвестициялауда.

2020 жылы мұнайлы Ембінің мерейтойлы жылы жинаған өсу қарқынын сақтайтынына және Қазақстан мұнай-газ саласы мен мемлекет экономикасын әрі қарай дамыту мақсатында бас компания белгілеген міндеттерді сәтті іске асыруды жалғастыратынына нық сенемін!

Құрметпен,
Жақып МАРАБАЕВ
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар
кеңесінің төрағасы,
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ
Басқарма төрағасының өндіріс
жөніндегі орынбасары

Басқарма төрағасының
жолдауы
Қазақстандық мұнай саласының мерейтойлық жылының соңына қарай ембішілер 2 млн 899 мың 693 тонна мұнай (жоспардан 4 мың 693 тоннаға артық) және 260 млн 173 мың 367 текше м газ (жоспардан 246 мың 258 текше м артық) өндірді.

Сіздердің назарларыңызға «Ембімұнайгаз» Акционерлік қоғамының 2019  жыл ішіндегі қызметі жөніндегі есепті ұсынамыз. Қазақстандық мұнай-газ саласының 120-жылдық мерейтойы атап өткізілген былтырғы жыл оқиғаларға толы болды және кәсіпорын біраз өндірістік жетістіктерге қол жеткізді.

Қазақстандық мұнай саласының мерейтойлық жылының соңына қарай ембішілер 2 млн 899 мың 693 тонна мұнай (жоспардан 4 мың 693 тоннаға артық) және 260 млн 173 мың 367 текше м газ (жоспардан 246 мың 258 текше м артық) өндірді. Компанияның мемлекет және Атырау облысы бюджетіне төлеген салықтарының көлемі 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта 1 072 млрд теңгеден асып түсті.

Жетілген кен орындарын игерудің оңтайлы және тиянақты тәсілдерін қолданудың және белсенді геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесінде, соңғы жылдардың ішінде Компания мұнай өндірудің тұрақты көлемін сақтап келе жатыр және қорлар орындарының еселеп толықтырылуын қамтамасыз етіп келеді. Былтырғы жылдың қорытындылары бойынша мұнай қорларының айтарлықтай өсуінің арқасында «Ембімұнайгаз» АҚ қалдықтық шығарылатын қорлары 01.01.2019  жылғы 74,3 млн тоннамен салыстырғанда 01.01.2020 ж. жағдай бойынша 86,2 млн тоннаны құрады. 2019 жылы ҚР Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы жұмыс істеп тұрған С. Нұржанов, Кенбай (Шығыс Молдабек учаскесі), Досмухамбетовское, Ботахан кен орындары және қайта ашылған Батыс Қарасор кен орны бойынша 14,8 млн тонна көлеміндегі мұнай қорларын қайта бекітіп, балансқа қабылданды.

Қызылқоға ауданындағы Тайсойған учаскесінде 5-600 кв. км көлемінде ауқымды далалық сейсмикалық барлау жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 3Д ЖТНӘ алынған деректерін өңдеу және түсіндіру жүргізілуде. Олардың қорытындылары бойынша іздестіру-барлау үшін бұрғылауды қою үшін перспективалы құрылымдар дайындалады.

«Ембімұнайгаз»  АҚ мұнайдың қалдық қорларын жасап шығарудың заманауи тәсілдері мен технологияларын енгізу үстінде. Осындай технологиялардың бірі тік ұңғымалармен салыстырғанда тиімділігі жоғары болып шыққан көлденең ұңғымаларды игеру болып табылады. 2019  жылы Ембіде 5 көлденең ұңғыма бұрғыланды. Қазіргі уақытта төртеуі  – қолданысқа енгізілген және мұнайдың жоғары дебиттерін қамтамасыз етуде, ал біреуі –сынақтан өткізілуде. Алдағы уақытта Компания 300 м дейінгі тік тереңдікте қабаттасқан тұтқырлығы жоғары қыртыстарда бұрғылау жұмыстарын жүргізуді және жыл сайын пайдалану үшін бұрғылаудағы көлденең ұңғымалардың үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

Компанияда өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру жұмысы жалғасуда. Мұнай өндірудің жоспарлы көрсеткіштерін орындау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жылдық жоспары нәтижелі іске асырылды. 2019 жылдың қорытындылары бойынша жөндеулер арасындағы кезең жоспарлы 305 тәулікпен салыстырғанда 331 тәулікке дейін көбейді. «Зияткерлік кен орны» жобасын рентабельді кен орындары топтары бойынша тираждау аясында электр энергиясы 30%-ға дейін үнемделді.

2019 жылы арнайы техниканы шынайы уақыт режимінде пайдалану жобасы бойынша енгізілген бұлтты шешімдердің арқасында «Ембімұнайгаз»  АҚ автокөлік паркін бірыңғай басқару жүйесіне ауысты. Нәтижесінде жанар-жағармай материалдарын тұтыну көлемі азайды, көлік құралдарының есебін жүргізу автоматтандырылды, шығындардың өзіндік құнын есептеу дәлдігі артты және игеру учаскелеріндегі шығыстар жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы техниканы күтуді қысқартудың арқасында барынша азайтылды. Бүгінгі таңда шешімдер компанияның алты бөлімшесінде енгізілді, қолданыстағы ІТ-жүйелермен біріктіру жүргізілді. Жобаның қорытындылары бойынша ұйымдық құрылым қайта қаралды, ішкі процедуралар мен есеп жүйесіне өзгертулер енгізілді, автопаркті пайдалану тиімділігі жоғарылады, бірден бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік берген ІТ-шешімдердің негізінде бірыңғай интеграцияланған ақпараттық орта құрылды: басқару, бақылау және есеп жүргізу үдерістерінің айқындығын қамтамасыз ету; регламенттік және басқарушылық есептілікті дайындау уақытын азайту, деректердің анықтығын арттыру және адами фактордың әсерін барынша азайту.

2019 жылы дайындау және біліктілікті арттыру бойынша оқудан компанияның 1-663 қызметкері өтті. Кадрлар резервіндегі 4 қызметкер басшы позицияларына тағайындалды. Қазақстандық мұнайдың 120-жылдығына арналған Атырау қаласындағы салтанатты жиналыстың барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ембінің 2 ардагері мен 2 қызметкеріне мемлекеттік сыйлықтарды тапсырды. Компанияның екі жас маманы президенттік жастар кадрлар резервіне кіргізілді, ал алты ембіші «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар тобы бойынша «Мамандығы бойынша ең үздік» конкурсының финалдық турының барысында жүлделі орындарға ие болды.

Компания бейіндік емес қызмет түрлеріне жататын қызметкерлердің санын және шығындарын бәсекелі ортаға білікті емес еңбектің жұмыс орындарын табыстау және аутсорсингке жеңіл автокөлік, автобус, борттық автомобильдер және самосвалдар жүргізушілерін шығару арқылы оңтайландыру бойынша жұмысын жалғастырып келеді. Осы қызметтің шегінде қызметкерлердің жалпы саны 72 бірлікке оңтайландырылды.

Әлеуметтік-жауапты жер қойнауын пайдаланушы ретінде «Ембімұнайгаз» отандық өндірушілерге және мүмкіндіктері шектеулі қазақстандықтар қоғамдарына қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ серіктестеріне жеке кәсіпкерлерден бастап ірі отандық зауыттарға дейін бес жүзден астам қазақстандық компаниялар айналды. 01.01.2020 жылғы жағдай бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алулардың жергілікті қамту үлесі: тауарлардағы – 48 %, жұмыстардағы – 97 %, қызметтердегі  – 98 % құрады. Сатып алуларды жүргізу және шарттарды жасасу бойынша барлық үдерістер ашық түрде, электрондық форматта және «Самұрық-Қазына» АҚ Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелерінің шегінде zakup.sk.kz сайтында өтеді. Компанияның сатып алулар жоспарлары және компания жүргізетін сатып алулар туралы барлық ақпарат – zakup.emba.kz корпоративтік сайтында жарияланады. Сатып алуларға қалаған тұлғалар  – Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері қатыса алады.

Отандық жеткізушілерді қолдау аясында, «Самұрық-Қазына»  АҚ Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесінің 17-тармағына сәйкес холдингтің тауар өндірушілері үшін шартты жеңілдіктер қолданылады, отандық тауар өндірушілермен шарттарды жасасу кезінде 30 % мөлшерінде аванс төлеу көзделген. Тоқтаусыз және тиімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету мақсатында «Ембімұнайгаз» қызметкерлері отандық тауар өндірушілер жүргізетін құрал-жабдықтарды зауыттық және зертханалық сынақтарға қатысады. Осындай ынтымақтастық түрінің арқасында сапалы тауарларды жеткізетін адал тауар өндірушілердің сатып алуларына қатысу қамтамасыз етіледі. Кәсіпкерлермен конструктивті диалогты құру үшін отандық тауар өндірушілермен жүйелі түрде кездесулер жүргізіледі.

Тарихи түрде қала құрушы және әлеуметтік- отандық кәсіпорын бола тұра, халықтың әлеуметтік осал топтарына және ауыр сырқатқа ұшыраған балаларға басымдылық бере отырып, компания өңірге, жергілікті тұрғындарға әртүрлі қолдау түрлерін көрсетеді.

Былтырғы жылы, Қазақстандық мұнайдың 120-жылдығына орай мұнайлы Ембі әйгілі отандық мұнайшы Сафи Өтебаевтың ескерткішін салып, Атырау мұнай және газ университетіне тапсырды, Қарашұңғыл тарихи ұңғыма орнындағы стелла қалпына келтірілді.

Мерейтойлық жылы ұжым Атырау облысының бес ауданында сегіз көп балалы отбасын баспанамен қамтамасыз етті. 2015 жылдан бері ембішілер Атырау облысы мен Шығыс Қазақстан облысындағы барлығы 21 қазақстандық отбасын баспанамен қамтамасыз етті. Былтырғы жылы «Арыс. Біз біргеміз» республикалық науқанына қатысу барысында, қызметкерлер бөлген ерікті жәрдемге жарылыстардың нәтижесінде зардап шеккен Арыс қаласының 16 мектебінің аз қамтылған отбасыдан шыққан 400-ден астам оқушысына мектеп киімі жиынтықтары сатып алынды және табысталды. Оған қоса, Ембі мұнайшыларының жеке қаражаттарына бүкіл Атырау облысының қалалық және аудандық мектептерінің әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санаттарына жататын 70-ке жуық оқушысы мектеп киімімен және аяқ-киіммен қамтамасыз етілді. Қайырымдылық жәрмеңкелерді өткізу компания үшін дәстүрге айналды. 2019 жылы Ембі ұжымы Атырау облысының халқының әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан шыққан 200 астам балаларын жаңа жылдық сыйлықтармен қуантты. Кейіннен бұл бастамаға өндірістік құрылымдық бөлімшелер мұнайшылары қосылды.

2020  жылы «Ембімұнайгаз»  АҚ: өндірістік жоспарды қамтамасыз ету, мұнайдың ресурстық базасын толықтыру; өндірістік шығындарды оңтайландыру; «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ және «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бойынша шикі газды қайта өңдеу бойынша қолда бар инфрақұрылымды шектеумен байланысты мәселелерді шешу; рентабельді емес кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару; ұңғымалардың рентабельділігі төмен қорымен жұмыс істеу бойынша қызметін жалғастырады.

Білікті және ынтымақты қызметкерлерінің арқасында Компанияның ағымдағы жылы ұлттық компания белгілеген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ететініне және біздің тарихи кәсіпорнымызды әрі қарай дамыту мақсатында жоспарланған жобаларды іске асыратынына сенімдімін!

«Ембімұнайгаз» АҚ
Басқарма төрағасы
Есен ҚАЙРЖАН