БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
1. жоғарғы орган – Дара тұлғалы акционер
2. басқару органы – Директорлар кеңесі
3. атқарушы орган – Басқарма
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның Жалғыз акционерінің шешімімен есепті жылдың ішінде Д.Е. Абдулғафаровтың, М.Ж. Салимгереевтің және Б.М. Қуандыковтың Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттіктері, сондай-ақ Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлының Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Жалғыз акционердің өкілдері ретінде Ж.Н. Марабаев («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары) және Д.К. Хасанов («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директор) сайланды, «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы, тәуелсіз директор ретінде Ізбасов М.Ш. сайланды.
2020 жылдың 3 ақпанынан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының шешімі бойынша, қызметінен босатылған Жақсыбеков Ануар Еркінұлының орнына Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қайржан Есен тағайындалды. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі төмендегі сегіз мүшеден құралды:
Директорлар кеңесінің құрамы
Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. «Теңізшевройл» ЖШС Серіктестік кеңесінің төрағасы.
И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтың «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша (1984 ж.), Мәскеу мемлекеттік басқару университетін (2002 ж.) бітірген.
- Еңбек қызметін 1984 жылы «Комсомольскнефть» МГӨБ оператор болып бастады.
- 1990 жылдың қарашасынан бастап 1991 жылдың наурызына дейін – «Сфинкс» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызмет директоры.
- 1991 жылдың наурызынан бастап 1993 жылдың наурызына дейін – көмірсутек шикізаты мен мұнай-химия бөлімінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бас инженері.
- 1993 жылдың наурызынан бастап 1993 жылдың маусымына дейін – ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің теңіз жұмыстары басқармасының бастығы.
- 1993 жылдың маусымынан бастап 1997 жылдың маусымына дейін – «ҚазақстанКаспийШельф» АҚ вице-президенті және бас директоры.
- 1997 жылдың маусымынан бастап 1999 жылдың қаңтарына дейін – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директор, коммерциялық директоры, газ жобалары жөніндегі вице-президенті.
- 1999 жылдың қаңтарынан бастап 1999 жылдың наурызына дейін – «Қазақстан Халық Банкі» ЖАҚ басқарма мүшесі.
- 1999 жылдың наурызынан бастап 1999 жылдың қыркүйегіне дейін – «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану жөніндегі вице-президенті.
- 1999 жылдың қыркүйегінен бастап 2001 жылдың қыркүйегіне дейін – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ вице-президенті.
- 2001 жылдың қыркүйегінен бастап 2002 жылдың наурызына дейін – «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясының Бас директорының орынбасары.
- 2002 жылдың наурызынан бастап 2004 жылдың наурызына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. СБК (КПО Б.В.) бойынша жобалардағы үлестерді басқару жөніндегі өкілетті органның төрағасы.
- 2004 жылдың наурызынан бастап 2006 жылдың маусымына дейін – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры.
«Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «KAZENERGY Қауымдастығының 10-жылдығы», ҚР ЭМ «Қазақстан мұнайының 120-жылдығы» медальдарымен, сондай-ақ Еуропа Бизнес Қауымдастығы ұйғарған Патшайым Виктория Орденімен марапатталған. ҚР Энергетика министрлігінің «ҚР мұнай-газ саласының еңбегі сіңген қызметкері», Геология комитетінің «Қазақстан Республикасының кен орнын тұңғыш ашушы» төсбелгілері бар.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Геология және барлау жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Таукен инженергеолог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін Балықшы барлау бұрғылауы басқармасының операторколлекторы болып бастады. Содан кейін Тақырыптық партияның инженергеологы, «Ембімұнай» ӨБ Тампонаждау кеңсесінің цементаж жөніндегі операторы болып жұмыс істеген.
- 1991–1993 жылдары – Балықшы барлау бұрғылауы басқармасының № 1 бұрғылау экспедициясының геологы, 1993–1995 жылдары – «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасының ОИТҚ геологы.
- 1995 жылдан бастап 2004 жылға дейін – Атырау қыртыстардың мұнай беруін арттыру және ұңғымаларды күрделі жөндеу басқармасының (АҚМБА және ҰКЖБ) бас геологы, директорының орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ геология және мұнайгаз кен орындарын игеру департаментінің директоры.
- 2004–2008 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаментінің директорының орынбасары, директоры. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директоры, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директоры, бас геологы, Басқарма Төрағасының Геология және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары, Операциялық емес активтер жөніндегі басқарушы директоры (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геология жөніндегі басқарушы директоры.
- 2015 жылдың қаңтарынан бастап қыркүйегіне дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы).
- 2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы).
- 2018 жылдың 12 маусымынан бастап 2019 жылдың ақпанына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары.
- 2019 жылдың ақпанынан – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары.
«ҚМГ» ҰК, «ҚМГ» БӨ, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің құрмет грамоталарымен, мерейтойлық медальдарымен: «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен (2016 ж.), «Құрмет» орденімен (2016 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» Мерейтойлық медалімен (2017 ж.) марапатталған.
(2017 г.).
ҚР жер қойнауын құрметті барлаушысы, «ҚР көмірсутек әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбына жазған еңбектер циклы үшін әлФараби атындағы ҚР ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты (2015 г).
Геологиялықминералогиялық ғылымдар докторы, 12 астам ғылыми жарияланымдардың авторы, «Солтүстік және Орта Каспийдің геологиялық құрылысы және мұнайгаздылық перспективалары» кітабының авторласы.
Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры
Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «Экономист» мамандығы бойынша (1993 ж.), Атырау мұнай және газ институтын «Таукен инженері» мамандығы бойынша (2007 ж.) бітірген.
-
Еңбек қызметін «Теңіз» АҚ бас бухгалтерінің орынбасары ретінде бастады. Әр жылдары Құрманғазы РУТ, «Қазақтелеком» ААҚ бас бухгалтері, «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ бас бухгалтерінің орынбасары, «Каспий Мұнай – ТМЕ» АҚ бас бухгалтері, «EuroAsia Group» ЖШС бас бухгалтері, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ бас бухгалтерінің орынбасары, «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ БК үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, «Технология лық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС директоры, «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті, «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директорының орынбасары, барлау және өндіру активтерін басқару жөніндегі басқарушы директоры, «ТауКен Самұрық» ҰГК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып жұмыс істеген.
-
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, «ҚР Конституциясының 20жылдығы», «Маңғыстау облысы мәслихатының 20жылдығы» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ медалімен марапатталған.
Есен Қайржан
«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 жылдың 03 ақпанынан)
1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіптерінің машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша тәмамдады. 2000 жылы В.П. Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. 2012 жылы РФ Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының «МВА: Менеджмент – Халықаралық бизнес» ЖКБ МБМ «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандығы бойынша бітірді.
- 1985 жылдан бастап 1992 жылға дейін – «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ жөндеушіслесарі, инженері, аға инженері.
- 1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін – Маңғышлақ мұнара монтаждау басқармасының мұнарақұрылыс прорабы.
- 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін – Қызылорда қ. «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары.
- 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін – «ҚұмкөлЛУКойл» АҚ бас директорының орынбасары.
- 2002 жылдан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін – «Торғай Петролеум» АҚ бас директорының орынбасары, бас директоры.
- 2016 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін –«Қаражамбасмұнай» АҚ Президенті.
- 2017 жылдың шілдесінен бастап 2018 жылдың қарашасына дейін – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры.
- 2018 жылдың қарашасынан бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Сатып алулар және қамсыздандыру жөніндегі басқарушы директоры.
- 2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы.
«Ерен Еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Атамекен» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Торғай Петролеум» АҚ 20 жыл» естелік медалімен, сондайақ бірқатар Алғыс хаттармен және грамоталармен, оған қоса ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Төрағасының Алғыс хатымен, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жақсыбеков Ануар Еркінұлы
«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 жылдың 03 ақпанынан)
1993 жылы Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университетін (Мәскеу қ.) «Геология және мұнайгаз кен алаңдарын барлау» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын «ҚазақойлЕмбі» ААҚ «Доссормұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының (бұдан былай – МГӨБ) Байшонас кен орнында мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы болып бастады. Краснознаменный Солтүстік флоты Әскеритеңіз флотындағы (1983–1985 жж.) қызметін атқарғаннан кейін жұмысын Қарсақ кен орнының мұнай және газ өндіру цехының операторы ретінде жалғастырды.
- Жоғарғы оқуды бітірген соң, Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасында учаскелік геолог, жетекші геолог, «ҚазақойлЕмбі» ААҚ Мақат ауданындағы ұңғымаларды күрделі жөндеу және қойнауқаттың өнімділігін арттыру бойынша учаске бастығының орынбасары болып қызметтер атқарды.
- 1999 жылы «ҚазақойлЕмбі» ААҚ «Мақатмұнай» басқармасында бас геолог болып тағайындалды.
- 2000–2004 жылдары «Қазақойл» ҰК» АҚда өндірісті басқару департаментінің бас инженері, менеджері, директордың орынбасары, геология және игеру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
- 2004 жылдан 2009 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК геология лықтехнологиялық қызмет департаментінің директоры, геология, геофизика және барлау және өндіру блогының резервуарлары департаментінің директоры.
- 2009–2013 жылдары – «Н Оперейтинг Компани» ЖШСде ҚМГ ҰҚ атынан геологиялық барлау жөніндегі менеджер, Геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі техникалық кіші комитет төрағасы.
- 2013 жылдың ақпанынан бастап – ҚМГ БӨ Бас директорының Геология және игеру жөніндегі орынбасары, Геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі техникалық комитет төрағасы, «Барлау активтері» Қадағалау кеңесінің төрағасы.
- ҚМГ БӨ қатысуымен: ҚХР «ФИОК» және Венгер Республикасының «МОЛ» компанияларымен үлестік қатысуы бар «УралОйлГаз» БК, «Карповский Северный» бірлескен кәсіпорындарына жетекшілік етті.
- 2013–2015 жылдары – «Қашаған Б.В.» ЖШЖКФ Бас директорының перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары.
- 2015 жылдың қыркүйегінен бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары.
- 2017 жылдың 24 сәуірінен бастап 2020 жылдың 16 қаңтарына дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы.
- 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы »АҚ Басқармасының шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен босатылды.
КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасымен; ҚМГ ҰК Құрмет грамотасымен; «СамұрықҚазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет грамотасымен; ҚР ЭМРМ «Мақат кен орнына 90 жыл» Құрмет белгісімен; МГМ «Доссор кен орнына 100 жыл» Құрмет белгісімен (2011 ж.); «Прор ва кен орнына 50 жыл» Құрмет белгісімен; ИЖТМ «Қазақстан Республикасының құрметті барлаушысы» дипломы және төсбелгісімен (2012 ж.); МГМ «Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен (2014 ж.); Атырау облысы Әкімінің ҚР тәуелсіздігінің 25жылдығына орай Алғыс хатымен (2016 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз АҚ 95 жыл» Мерейтойлық медалімен (2017 ж.), «Құрмет» орденімен (2017 ж.), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» Мерейтойлық медалімен (2019 ж.), «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» Мерейтойлық медалімен (2019 ж.), Мақат ауданының Құрметті азаматы (2019 ж.), Қызылқоға ауданы Әкімінің Алғыс хатымен (2019 ж.) марапатталған.
Ертлесова Жаннат Жорғалиқызы
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, «Эксперт Қазақстан» ЖШС директоры
Еңбек жолын ҚазССР Мемжоспар жанындағы экономика және нарық қатынастары ғылымизерттеу институтында ғылыми маман қызметінен бастады. 1992 жылы аталған институт директорының орынбасары болып тағайындалды. Кейін ҚР Экономика министрлігіне шақырту алып, қаржынесиелік саясат басқармасы басшысы қызметіне кірісті.
1994 жылы – ҚР экономика министрінің бірінші орынбасары. ҚР Министрлер кабинеті және ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар орталығының басшысы, Қаржы министрінің бірінші орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ вицепрезиденті, ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы кеңесінің басқарушы төрайымы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары сияқты және тағы басқа лауазымдарда еңбек етті. Қазіргі кезде «Эксперт Қазақстан» ЖШС директоры қызметін атқарады.
Ізбасов Мақсым Шафихұлы
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1976 ж.) «Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша, Алматы политология және басқару институтын (1991 ж.) бітірген.
-
Еңбек қызметін 1976 жылы «Күлсарымұнай» МГӨБ Күлсары кен орнының мұнайы мен газын өндіру жөніндегі операторы болып бастады. Содан кейін Күлсары кен орнының өндірістіктехнологиялық бөлімінде аға инженер, жерасты жөндеу цехының бастығы, өндіру цехының бастығы болып жұмыс істеген.
-
1985 жылдан бастап 1989 жылға дейін – «Күлсарымұнай» МГӨБ партиялық комитет хатшысы. Әр жылдары «Күлсарымұнай» МГӨБ жоспарлықэкономикалық бөлім бастығы, бас инженері, «Теңізмұнайгаз» ӨБ өндірістіктехнологиялық бөлім бастығы, бас инженері, вицепрезиденті болып жұмыс істеген. «Ембімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» екі акционерлік қоғамының бірігуіне байланысты 1999 жылы «Күлсарымұнайгаз» МГӨБ бастығы болып тағайындалды.
-
2004 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры лауазымына тағайындалды. Содан кейін «Күлсарымұнайгаз» МГӨБ бастығы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ӨФ – «Ембімұнайгаз» бас техникалық басшысы, Норт Каспиан Оперейтинг Компани компаниясының Атырау филиалының жергілікті билік органдармен байланыс жөніндегі аға кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін – Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі.
«Құрмет» орденімен (1999 ж.), «ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» (2019 ж.) медальдарымен, Мәдениет және гуманитарлық салаларындағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін ҚР Президентінің Құрметті дипломымен (2006 ж.), ҚР Президентінің (2001, 2005 ж.) және Атырау облысы әкімдерінің (2001, 2005, 2007 ж.) Алғыс хаттарымен, КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің (1980 ж.), ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің (2004 ж.) және ҚР Мұнай және газ министрлігінің (2010 ж.) Құрмет грамоталарымен, Облыстық кеңестің және облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, мұнайдың және мұнай кен орындарының 100жылдық мерейтойларының құрметіне төсбелгілермен марапатталған.
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіподақтарының халықаралық конфедерация Сыйлығының Лауреаты (2005 ж.), Атырау облысы Жылыой (2004 ж.) және Қызылқоға аудандарының (2007 ж.) Құрметті азаматы. «Жыл мұнайшысы» (Человек года) (2001 ж.) атағына ие болған, екі шақырылымның облыстық мәслихат депутаты (1999–2003, 2003– 2007 жж.).
Украсин Игорь Александрович
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, СБЕРБАНК (Швейцария) АГ басқарушы директоры, корпоративтік-банктік бөлімше жетекшісі
-
1994–1996 жылдарда – «ПЕПСИКОЛА ИНТЕРНЭШНЛ» компаниясының сату операцияларын жоспарлау бөлімінің жетекшісі.
-
1998–2013 жылдарда «КРЕДИТ СУИСС СЕКЬЮРИТИЗ ЛИМИТЕД» Еуропа энергетикалық тобының инвестициялықбанктік бөлімшесінің басқарушы директоры.
-
2013–2015 жылдарда «СБЕРБАНК КИБ» басқарушы директоры.
Бекназарова Айгүл Жақсықұлқызы
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры – қаржы бақылаушысы
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры – қаржы бақылаушысы лауазымында 2018 жылдың маусым айынан бастап қызмет атқарып келеді. Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вицепрезиденті – қаржы бақылаушысы ретінде қызмет етті.
Әр жылдары «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ құрылымдық қаржыландыру басқармасының басшысы, халықаралық департамент директоры, «ҚазИнвестБанк» АҚ қаржылық институттармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарды. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997 ж.) «Халықаралық валюталыққаржылық қатынастар» мамандығы, PACE University (НьюЙорк) оқу орнын (1999 ж.) «Қаржылық менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.
Басқарма
Басқарма құрамындағы өзгеріс
«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдерінің негізінде Габдуллин Айболат Гизатовичтің «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттіктері зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты тоқтатылды; Мақашев Руслан Бексұлтанұлының және Балжанов Бауыржан Құспанұлының «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Басқарманың құрамына Қасымғалиев Қанатбек Махмұдұлы және Тоқмұрзиев Асқар Әділбекұлы сайланды.
2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша қызметінен босатылған Жақсыбеков Ануар Еркінұлының орнына «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы болып Қайржан Есен тағайындалды.
2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Басқарма құрамы:
Аты-жөні |
Лауазымы |
Жақсыбеков Ануар Еркінұлы |
Басқарма төрағасы |
Қасымғалиев Қанатбек Махмудұлы |
Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары |
Тасмағамбетова Рысты Нұрғалиқызы
|
Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
/td>
|
Әділбеков Қайрат Әділбекұлы
|
Басқарма төрағасының геология және игеру жөніндегі орынбасары |
Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы |
Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары |
Тоқмұрзиев Асқар Әділбекұлы |
Заң департаментінің директоры |
Есен Қайржан
2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы
1985 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кәсіптерінің машиналары және жабдықтары» мамандығы бойынша тәмамдады. 2000 жылы В.П. Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. 2012 жылы РФ Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының «МВА: Менеджмент – Халықаралық бизнес» ЖКБ МБМ «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандығы бойынша бітірді.
- 1985 жылдан бастап 1992 жылға дейін – «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ жөндеушіслесарі, инженері, аға инженері.
- 1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін – Маңғышлақ мұнара монтаждау басқармасының мұнарақұрылыс прорабы.
- 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін – Қызылорда қ. «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары.
- 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін – «ҚұмкөлЛУКойл» АҚ бас директорының орынбасары.
- 2002 жылдан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін – «Торғай Петролеум» АҚ бас директорының орынбасары, бас директоры.
- 2016 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін – «Қаражамбасмұнай» АҚ Президенті.
- 2017 жылдың шілдесінен бастап 2018 жылдың қарашасына дейін – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры.
- 2018 жылдың қарашасынан бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Сатып алулар және қамсыздандыру жөніндегі басқарушы директоры.
- 2020 жылдың 16 қаңтарынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы.
Марапаттар:
«Ерен Еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Атамекен» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Торғай Петролеум» АҚ 20 жыл» естелік медалімен, сондайақ бірқатар алғыс хаттармен және грамоталармен, оған қоса ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрағасының Алғыс хатымен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жақсыбеков Ануар Еркінұлы
2020 жылдың 16 қаңтарына дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы
1993 жылы Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университетін (Мәскеу қ.) «Геология және мұнайгаз кен алаңдарын барлау» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын «ҚазақойлЕмбі» ААҚ «Доссормұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының (бұдан былай – МГӨБ) Байшонас кен орнында мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы болып бастады. Краснознаменный Солтүстік флоты Әскеритеңіз флотындағы (1983–1985 жж.) қызметін атқарғаннан кейін жұмысын Қарсақ кен орнының мұнай және газ өндіру цехының операторы ретінде жалғастырды.
- Жоғарғы оқуды бітірген соң, Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасында учаскелік геолог, жетекші геолог, «ҚазақойлЕмбі» ААҚ Мақат ауданындағы ұңғымаларды күрделі жөндеу және қойнауқаттың өнімділігін арттыру бойынша учаске бастығының орынбасары болып қызметтер атқарды.
- 1999 жылы «ҚазақойлЕмбі» ААҚ «Мақатмұнай» басқармасында бас геолог болып тағайындалды.
- 2000–2004 жылдары «Қазақойл» ҰК» АҚда өндірісті басқару департаментінің бас инженері, менеджері, директордың орынбасары, геология және игеру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
- 2004 жылдан 2009 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» ҰК геологиялықтехнологиялық қызмет департаментінің директоры, геология, геофизика және барлау және өндіру блогының резервуарлары департаментінің директоры.
- 2009–2013 жылдары – «Н Оперейтинг Компани» ЖШСде ҚМГ ҰҚ атынан геологиялық барлау жөніндегі менеджер, Геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі техникалық кіші комитет төрағасы.
- 2013 жылдың ақпанынан бастап – ҚМГ БӨ Бас директорының Геология және игеру жөніндегі орынбасары, Геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі техникалық комитет Төрағасы, «Барлау активтері» Қадағалау кеңесінің төрағасы. ҚМГ БӨ қатысуымен: ҚХР «ФИОК» және Венгер Республикасының «МОЛ» компанияларымен үлестік қатысуы бар «УралОйлГаз» БК, «Карповский Северный» бірлескен кәсіпорындарына жетекшілік етті.
- 2013–2015 жылдары – «Қашаған Б.В.» ЖШЖКФ Бас директорының перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары.
- 2015 жылдың қыркүйегінен бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары.
- 2017 жылдың 24 сәуірінен бастап 2020 жылдың 16 қаңтарына дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы.
Марапаттар:
КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасы; ҚМГ ҰК Құрмет грамотасы; «СамұрықҚазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет грамотасы; ҚР ЭМРМ «Мақат кен орнына 90 жыл» Құрмет белгісі; МГМ «Доссор кен орнына 100 жыл» Құрмет белгісі (2011 ж.); «Прорва кен орнына 50 жыл» Құрмет белгісі; ИЖТМ «Қазақстан Республикасының құрметті барлаушысы» дипломы және төсбелгісі (2012 ж.); МГМ «Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2014 ж.); Атырау облысы Әкімінің ҚР тәуелсіздігінің 25жылдығына орай Алғыс хаты (2016 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз АҚ 95 жыл» Мерейтойлық медалі (2017 ж.), «Құрмет» ордені (2017 ж.), «Қазакстан мұнайына 120 жыл» Мерей тойлық медалі (2019 ж.), «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» Мерейтойлық медалі (2019 ж.), Мақат ауданының Құрметті азаматы (2019 ж.), Қызылқоға ауданы Әкімінің Алғыс хаты (2019 ж.).
Қасымғалиев Қанатбек Махмудұлы
Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі
2001 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекетттік мұнай және газ университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «СамұрықҚазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп әзірленген «Мұнайгаз бизнесін басқару» мамандануы бойынша «Іскерлік әкімшілендіру шебері» МВА бағдарламасын меңгеріп алды.
Еңбек қызметін 2001 жылы «Күлсарымұнайгаз» МГӨБ Тереңөзек МГӨЦ Қаратон кен орнының мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы болып бастаған. «Күлсарымұнайгаз» МГӨБ Тереңөзек МГӨЦ технологы, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ өндірістіктехнологиялық қызмет басшысының орынбасары, бас инженері, «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай және газ бөлімінің бастығы, мұнай және газ өндіру департаментінің директоры, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ Өндіру және игеру жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың тамызына дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ игеру жөніндегі басқарушы директоры. 2018 жылдың тамызынан бастап 2019 жылдың тамызына дейін ҚМГ ҰК мұнай және газ өндіру департаментінің директоры.
Марапаттар:
«Ембімұнайгаз» ӨФ Құрмет грамоталары, ҚР Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы (2012 ж.), «Прорва мұнайына – 50 жыл» төсбелгісі (2013 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» Мерейтойлық медалі (2017 ж.), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» Мерейтойлық медалі (2019 ж.).
Тасмағамбетова Рысты Нұрғалиқызы
Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі
Екі жоғары білімі бар – 1986 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Тарих және педагогика» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Атырау мұнай және газ университетін «Экономика және кәсіпорындағы менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
2014 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «МВА: халықаралық бизнес» маманданымы бойынша, Іскерлік әкімшілендіру шебері біліктілігін тәмамдады.
Еңбек еткен жылдар ішінде әр түрлі басқарушы қызметтерді атқарды: «ЭИТЭК» ғылымиөндірістік фирмасы өкілдігінің директоры (Мәскеу қ.), «Атырау мұнай корпорациясы» ЖШС директоры, «Каспий коммерциялық орталығы ЛТД» ЖШС қаржы директоры, «ҚМГ Жайық» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2009 жылдың маусымынан бастап 2012 жылдың қыркүйегіне дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» «Ембімұнайгаз» АҚ ӨФ директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары.
Марапаттар:
«Доссор кен орнының игерілгеніне 100 жыл» естелік белгісі (2011 ж.), «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасы (2012 ж.), «Прорва мұнайына 50 жыл» төсбелгісі (2013 ж.), «СамұрықҚазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет грамотасы (2014 ж.), «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасы (2014 ж.), «KAZENERGY» Құрмет грамотасы (2015 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» Мерейтойлық медалі (2017 ж.), «KAZENERGY» медалі (2018 ж.), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының алғыс хаты (2019 ж.), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» Мерейтойлық медалі (2019 ж.)
Әділбеков Қайрат Әділбекұлы
Басқарма төрағасының геологиялық барлау жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі
И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнайхимиялық және газ өнеркәсібі институты «Геология және мұнайгаз кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірді. Жоғары оқу орнын бітірген соң еңбек жолын «Уральскнефтегазгеология» ПГО мұнайгаз барлау экспедициясында ұңғымаларды зерттеу операторы болып бастады.
1985–1993 жылдарда аға геолог, жетекші геолог, мұнайгаз қорын есептеу партиясының басшысы, тәжірибелікәдістемелік экспедициясының бас геологы, «Уральскнефтегазгеология» ПГО мұнай өндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы ретінде жұмыс істеді. КСРО қорлары бойынша Мемлекеттік комиссияда Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орындарының (1985 және 1988 жылдарда) және ТепловТокарев тобының кен орындарының (1991 жылы) көмірсутекті шикізат қорларын барлауға, есеп жүргізуге, қорғауға қатысты.
1993 жылдан бастап 2001 жылға дейін коммерциялық және консалтингтік компанияларда әр түрлі басшылық лауазымдарды атқарды, 2001 жылдан бастап, 2005 жылға дейін «Теңізшевройл» ЖШС қорды қайта есептеу жобасының үйлестірушісі, кен орындарын дамыту бөлімінің басшысы. Теңіз (2002 жылы) және Королевское (2004 жылы) мұнай кен орындарының қорын қайта есептеу, дайындау және келісім алу, техникалық схеманы дайындау жұмыстарының үйлестірушісі болды.
2005 жылдан бастап 2014 жылға дейін – «Қожан» ЖШС мұнай және мұнай сервис компаниясында лауазымды қызметтерді (филиал басшысы, бас директордың орынбасары – бас геологы) атқарды. «Jupiter Energy Pte. Ltd» компаниясының қазақстандық бөлімшесінде (техникалық директоры), «Азатпетротранс» ЖШС (директоры) қызметтерін атқарды.
2014 жылдың тамызынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ геология және геофизика департаментінің директоры, 2015 жылдың қыркүйегінен бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының геологиялық барлау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры бойынша Мемлекеттік комиссияның (ҚР ҚМК) тәуелсіз сарапшысы.
Марапаттар:
«Қазақстан Республикасының Жер қойнауын Үздік барлаушысы» төсбелгісі, «Уральскнефтегазгеология мұнайгаз барлау экспедициясының» Құрмет грамотасы (1986 ж.), Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің Құрмет грамотасы (1987 ж.), «Уральскнефтегазгеология мұнайгаз барлау экспедициясы» ҰОС 70 жылдығына орай Құрмет грамотасы (1987 ж.), «Уральскнефтегазгеология мұнайгаз барлау экспедициясы» геологтар күніне орай Құрмет грамотасы (1989 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» мерейтойлық медалі (2017 ж.), «Қазақстан мұнайына 120 жыл» Мерейтойлық медалі (2019 ж.)
Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы
Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі
Алматы халық шаруашылығы институтын (1991 ж.) «Экономист» мамандығы бойынша, Атырау мұнай және газ институтын (2004 ж.) «Таукен инженері» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Мақат желілікөндірістік басқармасында технологиялық компрессор машинисті болып бастады (1983 ж.). Мақат аудандық атқару комитетінде жоспарлау – экономикалық комиссиясының маманы, аға экономисті болып жұмыс жасады.
В 1992– 1995 жылдары «Мақсат» шағын кәсіпорнының төрағасы қызметін атқарды. Әр жылдары Мақат, Жылыой аудандарының әкімі, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау қаласының әкімі, «Аджип» ККО компаниясының жергілікті органдармен байланыс жөніндегі менеджері, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2018 жылдың шілде айында «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Марапаттар:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» Мерейтойлық медалі (2001 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Мерейтойлық медалі (2005 ж.), «Құрмет» ордені (2005 ж.), «Астананың 10 жылдығы» Мерейтойлық медалі (2008 ж.), «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» Мерейтойлық медалі, «Қазақстан мұнайына 120 жыл» Мерейтойлық медалі (2019 ж.).
Тоқмурзиев Асқар Әділбекұлы
Заң департаментінің директоры, Басқарма мүшесі
2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
2008–2009 жылдары «MANDARIN LTD» ЖШСнің заңгері.
2010–2013 жылдары «Тұлпар» ЖШСнің, «Бастау – S» ЖШСнің заңгері.
2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін – «Қазгермұнай» БК» ЖШСда заң кеңесшісі, 2016–2017 жылдары – «Қазгермұнай» БК» ЖШСде жетекші заң кеңесшісі.
С июля 2017–2019 жылдары – «Қазгермұнай» БК» ЖШС заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету қызметінің басшысы.
2019 жылдың қарашасынан бастап – «Ембімұнайгаз» АҚ заң департаментінің директоры.