«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) «Ембімұнайгаз» АҚ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акциялар пакетінің 100 % сенімді басқарушысы болып табылады. ҚМГ ҰК Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекет мүдделерін танытады және толықтай өз кезегінде толықтай Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Үкімет) жекеменшігі болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (Самұрық-Қазына ҰӘҚ) толық жекеменшігі болып табылады. «Ембімұнайгаз» АҚ көмірсутек шикізатын сатып алумен, барлаумен, өндірумен, әзірлеумен, экспорттаумен айналысады. Компанияның негізгі операциялық мұнай-газ қызметі Қазақстан Республикасының Атырау облысында орналасқан мұнай-газ активтерінде жүзеге асырылады.
Компанияның құрамына кірген мұнай кен орындарын игеру тарихы 100 жылдан асады. Компания тарихының ресми басы 1922 жылдан – Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» трестін құру мезетінен бастап есептеледі. 2012 жылдың 1 қазанында «Ембімұнайгаз» өндірістік филиал мәртебесінде сегіз жылын өткізгеннен кейін акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Компания өндірген мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа жеткізеді. Ішкі нарықта мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі. Экспортқа мұнай екі негізгі бағыттар бойынша жеткізіледі: Каспий құбыр консорциумы (КҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС). Тауарлық газды сату ҚР газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық операторы – «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласында және Атырау облысының төрт ауданында орналасқан алты өндірістік құрылымдық бөлімше кіреді: «Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Ембімұнайэнерго» басқармасы және «Өндірістік-техникалық қамту және құрал-жабдықтармен комплектациялау басқармасы» (ӨТҚК және ҚЖБ). 01.01.2020 ж. жағдай бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ балансында А+В+С1 (геол/шығ) санаттары бойынша мұнайдың қалдық қорлары 470,6/85,6 млн тоннаны құрайтын 46 кен орны есептелген. Кен орындарының қорларын шығарып алудың орташа мәні 70 % құрайды. «Ембімұнайгаз» АҚ өзінің қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.