Негізгі көрсеткіштер
2 900
мың тонна
мұнай өндіру 2019
450 945
млн теңге
түсім 2019
101 401
млн теңге
пайда 2019
Мұнай өндіру, мың тонна
2015
2 823,04
2016
2 832,01
2017
2 840,02
2018
2 895,332
2019
2 899,693
Түсім, млн теңге
2015
198 113
2016
243 517
2017
309 747
2018
432 250
2019
450 945
Бір жылғы пайда, млн теңге
2015
45 462
2016
61 360
2017
56 123
2018
83 389
2019
101 401
Кезеңдегі таза ақша ағымы (қаржы қызметіне дейін), млн теңге
2015
34 138
2016
32 721
2017
39 560
2018
61 735
2019
89 702
Капиталды салымдар, млн теңге
2015
28 174
2016
48 669
2017
38 047
2018
44 201
2019
40 162
Лифтинг (мұнай+газ)
2015
18 424
2016
19 905
2017
21 615
2018
23 842
2019
25 608
Үлестік лифтинг (өндіріс.) шығындар, теңге/тонна
89 702
млн теңге
Кезеңдегі таза ақша ағымы
(қаржы қызметіне дейін)
40 162
млн теңге
капиталды салымдар 2019
25 608
теңге/тонна
лифтинг 2019
Негізгі оқиғалар
«Ембімұнайгаз»  АҚ алғаш рет ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен және БҰҰ Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен серіктесе отырып, Ресей Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен «КРЕОН» тобы ұйымдастырған экологиялық жауапкершілік саласындағы Қазақстанның мұнай­газ компанияларының Ашықтық рейтингісінде үшінші орынға ие болды.
Алғаш рет «Ембімұнайгаз» АҚ­да KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының «Әйелдердің мұнай­газ саласындағы рөлі» көшпелі өңірлік отырысы өтті.
18­ші жыл сайынғы «Атырау Мұнай және Газ – 2019» Солтүстік­Каспий өңірлік көрмесінің барысында «Ембімұнайгаз»  АҚ коммерциялық ұсыныстар базасының ақпараттық жүйесі –  http://tru.emba.kz жаңа веб­порталын ұсынды. 
«Ембімұнайгаз» АҚ халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша ерікті және өтеусіз негіздегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясында «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды.
Прорва кен орындары тобының ілеспе газын кешенді дайындау қондырғысында күкірттің алғашқы партиясы өткізілді.
Қазақстан мұнайының 120­жылдығының қарсаңында Қарашұңғыл елді мекенінде, 1899  жылы қазақ жерінде алғашқы мұнай фонтанын берген № 7 тарихи ұңғыма орнында «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы және ұжымы алғашқы Ембі кәсіпшілер еңбеккерлерін еске алды. Салтанатқа Жылыой ауданының басшылығы, серіктес­компаниялардың өкілдері және мұнай­газ саласының ардагерлері қатысты.
5 қыркүйекте, Қазақстан мұнайының 120­жылдығына орай салтанатты жиналысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым­Жомарт Тоқаев қатысты. Елбасының қолынан «Ембімұнайгаз» АҚ­ның үш қызметкері мемлекеттік сыйлық алды.
«Ембімұнайгаз»  АҚ­ның компания тарихында алғаш рет Қазақстан мұнайының 120­жылдығына және ҚР Жастар жылына орай жас мамандар форумы өтті. Форумды персоналды басқару және еңбекақы төлеу басқармасы департаменті және Жас мамандар кеңесі ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы «Ембімұнайгаз»  АҚның С. Нұржанов кен орнында 9 млн тонна көлемінде қорлар өсімін бекітті. Нәтижесінде осы кен орны бойынша шығарылатын қорлар 40,5 млн тоннадан 50,1 млн тоннаға дейін өсті.
Атырау облысында «Нұр Отан» партиясының ең үздік бастапқы ұйымы болып «Ембімұнайгаз» АҚ­ның партия ұйымы танылды.
Ембі мұнайшылары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ компаниялар тобының шегінде «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік конкурсының финалында бес жүлделі орынға ие болды.
2019  жылы «Ембімұнайгаз»  АҚ­ның көмірсутектер ресурстық базасының өсімі қолданыстағы кен орындарын толық барлаудың есебінен айтарлықтай арттыру арқылы қамтамасыз етілді. ҚР Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы С. Нұржанов, Кенбай (Шығыс Молдабек учаскесі), Досмухамбетовское, Ботахан қолданыстағы кен орындары және Батыс Қарасор қайта ашылған кен орны бойынша 14,8 млн тонна көлемінде мұнай қорларын бекітті және балансқа қабылдады.
ЕМГ Тайсойған учаскесінде 5 600 кв. км көлеміндегі 3Д ЖТНӘ ауқымды далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын аяқтады. 3Д ЖТНӘ алынған деректерін өңдеу және интерпретациялау қорытындылары бойынша іздестіру­барлау үшін барлау ды тағайындау үшін перспективалы құрылымдар дайындалады.
«Ембімұнайгаз»  АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы сайланды.
Кемел кен орындарын тиімді игеруді қамтамасыз ету мақсатында «Ембімұнайгаз»  АҚ 5 көлденең ұңғыманы бұрғылады, оның ішінде 4 – қолданысқа берілді және мұнайдың жоғары дебиттерін қамтамасыз етуде.
«Ембімұнайгаз»  АҚ­ның жас маманы, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қыртысты қысымды қолдау жөніндегі операторы Берекет ЕЛЕУЛИЕВ Атырау облысы бойынша жыл сайынғы «Жыл көшбасшысы  – 2019» жастар сыйлығының аясында «Лучший нефтяник года» номинациясында жеңіске жетті.
Ембі өндірістік құрылымдық бөлімшесі – «Ембімұнайэнерго» басқармасы құрылғанына 20­жылдық мерейтойды атап өтті.