Тұрақты даму саласындағы
қызмет жөніндегі есеп
ӘРІ ҚАРАЙ ОҚУ
Кадрлық саясат
Кадрлық саясаты аясында «Ембімұнайгаз» АҚ Компанияның бизнес-моделінің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру үшін Компанияның стратегиялық мақсаттары мен даму және персоналды іріктеп алу бағыттарының арасында өзара байланысты қамтамасыз етуге ұмтылады.
2020 жылдың 1 қаңтарында
штаттық саны
4 928
адам
2027  жылға дейін «Ембімұнайгаз»  АҚ дамыту Концепциясының Директорлар кеңесімен бекітілген аяда қабылданған персоналды басқару және еңбекақыны төлеу саласында функционалды стратегия аясында кадр қызметінің басты мақсаты Компанияны сапалы оқыту және қызметкерлерді дамыту, ең жаңа деген тиімді құралдарды және басқару әдістерін іздеу және енгізу, атқарушылық тәртіп үшін бақылауды күшейту және қызметкерлерге әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету есебінен стратегиялық мақсаттарға жету үшін ынталандырған, білікті персоналдың жеткілікті санын қамтамасыз ету болып табылады.
Персоналды басқару саласындағы жұмыс келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
  • Персоналды іріктеп алу процедураларын дамыту;
  • Персоналды оқыту жүйесін жетілдіру;
  • Жастармен жұмыс жүргізу;
  • Кадрлық резервпен жұмыс істеу жүйесін дамыту;
  • Персоналдың санын және оларға жұмсалатын шығындарды тиімді басқару;
  • Кадрлық әкімшілендіру және жұмыс уақытының есебін жүргізу.
2020 жылдың 1 қаңтарында Компания қызметкерлерінің штаттық саны 4 928 адамды құрады 2019 жылы персоналдың тұрақтамауы 2,9 %-ды құрады. Шығындарды оңтайландыру мақсатымен Компанияда профильді емес төмен білікті еңбектің штаттық жұмыс орындарын аутсорсингке шығару және қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, бұл соңғы жылдары штаттың оңтайландырылуының себебін түсіндіріп отыр.

2020 жылдың 1 қаңтарында персоналдың құрылымы

Санаты Нақты саны соның ішінде
ерлер әйелдер ИТҚ Жұмысшылар
БАРЛЫҒЫ 4 928 4 063 865 1 489 3 439
Әкімшілік-басқару персоналы 310 193 117 310 0
Жетекшілер 65 56 9 65
Мамандар 245 137 108 245
Өндірістік персонал 4 618 3 870 748 1 179 3 439
Жетекшілер 236 203 33 236
Мамандар 943 668 275 943
Жұмысшылар 3 439 2 999 440 3 439

«Ембімұнайгаз» АҚ-да еңбек өтілінің көп бөлігін мұнай саласының ауыр жағдайларында жұмыс істеген немесе денсаулығы сыр берген қызметкерлер үшін 58 жастан бастап зейнетке мерзімнен бұрын шығу бағдарламасы іске асырылады.

Ондаған жылдар бойы атқарған жұмысының ішінде Компанияда берік дәстүрлер және ұрпақтар сабақтастығымен қалыптасқан. Еңбек әулеттері «Ембімұнайгаз» АҚ тұрақты ұзақ мерзімді дамуының негізі болып табылады.

Бүгінгі таңда Компанияда 20-дан астам отбасы әулетінің өкілдері еңбек етуде, онда үш және одан көп буыны өз өмірлерін мұнайшы деген қиын кәсіппен байланыстырды.

Солардың кейбіреулерінің жалпы жұмыс өтілі 200  жылды асырады. Солардың ішінде Жылкышиевтар, Курманкуловтар, Торехановтар, Салиевтер, Кулбалиевтер, Бекмурзиевтар, Ондашевтар, Бешимовтар, Корпебаевтар, Уалиевтер, Бисенбаевтар, Жакашевтер, Айдабековтар, Раимбергеновтар, Бажбеновтар, Канатбаевтар, Жанаисовтар, Мангистауовтар–Ержангалиевтер, Балғымбаевтар және Балжановтар әулеті.

Персонал саны, ад.
2015   
5410
2016   
5236
2017   
5275
2018   
4942
2019   
4928
Персоналдың тұрақтамауы, %
2015   
3,38
2016   
4,7
2017   
3,2
2018   
4,3
2019   
2,9

Кадрлық саясат

205
353
156
922
1239
676
1377
205
353
156
922
1239
676
1377
2019 жылдың 31 желтоқсанындағы
Компания қызметкерлерінің өтілі, ад.
149 1 жылға дейін
253 1-3 жыл
143 4-5 жыл
624 6-10 жыл
867 11-15 жыл
686 16-20 жыл
2206 20 жылдан астам
149
253
143
624
867
686
2 206
2019 жылдың 31 желтоқсанындағы
мұнай-газ саласы қызметкерлерінің өтілі, ад.
301 Басшылар
1188 Мамандар мен қызметкерлер
3439 Жұмысшылар
301
1188
3439
2019 жылдың 31 желтоқсанындағы персоналдың
санаттар бойынша құрылымы, ад.
50 20 жылға дейін
116 21-25 жыл
283 26-30 жыл
562 31-35 жыл
694 36-40 жыл
841 41-45 жыл
846 46-50 жыл
906 51-55 жыл
576 56-60 жыл
102 60 жылдан астам
2
116
283
562
694
841
846
906
576
102
2019 жылдың 31 желтоқсанындағы
қызметкерлердің жастық құрылымы, ад.

Персоналды оқыту және дамыту

«Ембімұнайгаз» персоналын оқыту және дамыту қызметкерлер әлеуетін үздіксіз дамыту, жоғары білікті қызметкерлерді ұстап қалу, жинау жүйесін құру және қызметкерлер білімі мен дағдыларының деңгейін көтеру және оларды тұрақты қызметте тиімді қолдану арқылы жоғары білікті басқару, әкімшілік ету және өндірістік персоналды Компания қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылады.

Компанияда оқытудың келесі түрлері өткізіледі:

  • 1) техникалық тәртіпті оқыту;
  • 2) қаржылық-экономикалық тәртіпті оқыту;
  • 3) тілді оқыту;
  • 4) жалпы сипаттағы пәндерді оқыту;
  • 5) магистрлік, мамандандырылған, модульдік бағдарламалар бойынша оқыту;
  • 6) жұмыс орында қолданылатын техникалық амалдар мен дағдыларды оқыту;
  • 7) қауіпсіздік техникасын, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды оқыту.

Жұмыс орнында қысқа мерзімді курстар мен оқыту, Компанияның басқа құрылымдық бөлімшелерінде немесе басқа компанияларда тағылымдама жүргізіледі, Интернет және/ немесе басқа байланыс түрлерін қолданып қашықтан оқыту қолданылады. Сонымен бірге конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға, симпозиумдарға, конгрестерге, көрмелерге қатысу ұйымдастырылады – бұл тәжірибе жинақтауға және ой-өрістің кеңеюіне, соңғы жетістіктер мен технологиялармен, жаңа тәсілдермен және идеялармен, басқа компаниялардың нәтижелі тәжірибесімен және әзірлемелерімен танысуға жағдай жасайды, сондай-ақ Компания үшін тиімді серіктестік қатынастарды орнатуға көмектеседі.

2019  жылы 4 622 қызметкер қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқудан өтті, 504 қызметкер – фонтанға қарсы қауіпсіздік бойынша оқудан өтті, 798 қызметкер – жұмысшы мамандықтар бойынша оқудан өтті, 1 663 қызметкер – техникалық семинарларда, бизнес-тренингтерде, қаржыгерлерге арналған семинарларда және т. б., соның ішінде 10 қызметкер ЕМВА/ МВА бағдарламалары бойынша оқудан өтті.

Модульді оқытуды ұйымдастыру

Орта буынның жетекшілерін оқыту және дамыту мақсатында өндірістік процестерді жоспарлау және жақсарту бойынша оқудан, басқару дағдыларын оқудан тұратын модульдік бағдарламалар әзірленді. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін қатысушылар өндірістік процестерді жақсарту бойынша өз жобаларын ұсынды.

2015–2019 жылдардағы кезең ішінде модульдік оқу бағдарламаларына негізгі цех басшылары, учаске шеберлері, геологтар, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлер санынан 350-ден астам қызметкер қатысты. 2019  жылы 70 қызметкер коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша модульдік оқудан өтті.

Қызметкерлердің біліктілігі мен жеке басының қасиеттерін дамытудың тиімді жүйесі шегінде басқарушы директорларға, департамент директорларына, орынбасарларға, қызметтер басшыларына тест-сценарий және жеке-дара сауалнама бойынша бағалау жүргізілді, оған барлығы 60 басшы қатысты. Бағалау нәтижелері бойынша ұсынымдар және тест-сценарий мен жеке-дара сауалнама бойынша есептеме дайындалды, негізгі лауазымдар үшін оқыту жоспары әзірленді.

2019  жылы департамент директорлары, олардың орынбасарлары және қызметтер басшылары үшін «Тиімді басшы» бағдарламасы бойынша модульдік оқыту ұйымдастырылды.

Әлеуметтік саясат

«Мұнайшы қыз» әйелдер клубының 2019 жылғы атқарған жұмысы туралы қысқаша мәлімет.

Бейнебаян
«Мұнайшы
қыз» 2019

2018 жылдың 8 наурыз ­ Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының «Мұнайшы қыз» әйелдер клубы құрылды.

«Мұнайшы қыз» әйелдер клубын құрудағы мақсатымыз ­ ембілік мұнайшы қыздардың жанжақты дамуына жол ашу, оларға қажеттілігіне орай психологиялық, медициналық және заң тұрғысында кеңестер беру. Бұл орайда клуб мүшелері компанияға қарасты барлық басқармаларда тренингтер, семинарлар мен тәрбиелік мәні зор көпшілік шараларды тұрақты өткізіп тұрады. 2019 жылы аталмыш клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен оң нәтижиелерін тапқан кейбір шараларға қысқаша тоқталып өтсем.

2019 жылы наурыз айында «Мұнайшы қыз» әйел дер клубынын құрылғанына 1 жыл толуына орай «Мұнай­газ саласындағы әйелдердің ролі» тақырыбында KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының көшпелі жиыны Ембі алаңында өтті. Мұнайгаз компанияларындаға гендерлік саясаттың дамуы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткен көшпелі жиынға еліміздегі энергетика саласында­мұнайгаз секторында еңбек етіп жатқан белсенді қыз­келіншектер бас қосты . Бірлескен жұмысты жандандыру мәселесі күн тәртібіндегі негізгі мәселе болды. Форумға еліміздегі іргелі кәсіпорындар, атап айтсам KAZENERGY Ассоциациясы, Халық Банкі, Тенгизшевройл, NCOC, Атырау мұнай өңдеу заводы, «Қаражанбасмұнай», «Маңғыстаумұнайгаз», «ҚазГерМұнай», Атырау облыстық іскер әйелдер қауымдастығы, Атырау облыстық әкімшілігі және тағы басқа кәсіпорындардың делегациясы қатысты. Форумның жұмысында отбасылық құндылық, ұрпақ тәрбиесін жандандыру мәселелері де кеңінен айтылды. Форум шын мәнісінде шынайы пікірталас орын алған ашық диалог алаңы бола алды деп қорытуымызға әбден болады. Бүгінде ұжымның 20 пайызға жуығын құрап отырған ембілік мұнайшы қыздардың жан­жақты дамуына, олардың отбасылық татулықты сақтау жолында еңбек пен жанұя бірлігін ұштастыра білулеріне керекті кеңестер де берілді.

«Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен кең масштабта өткен тағы бір шара  – Қазақ елінің айбынды ұлы Бауыржан Момышұлының өмір жолын жұртшылық арасында кеңінен насихаттап жүрген жазушы, қазақи салт­дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметовамен болған кездесу. Компанияның алты басқармасының ұжымы ортасында кездесу шарасында ұлттық иделогия, ұрпақ тәрбиесі.ерлі­зайыптылардың арасындағы сыйластық т.б. мәселелер кеңінен әңгіме өзегіне айналды. Жазушы мұнайшы қыздардың тарапынан болған сауалдарға да барынша ашық, тұщымды жауап беруге тырысты. Мұнайшы қыздардың мына қоғамда белсенділігін арттыру, талантты, білімді қыздардың табысты еңбектерінің арқасында карьера сатысымен көтерілуі, тұрмыста да қоғамдық өмірде де әйелдердің белсенділігін арттыру арқылы табысты әйелден саналы ұрпақтың қанаттануы тағысын тағылар тақырыпқа қарай өрбіп отырды.

2019 жылдағы айта кету керек тағы бір мәселе, ақын, көзінің тірісінде «Қазақ поэзиясының падишасы» атанған Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы Ембі өндірісінде үлкен дайындықпен өтті. Ақынды еске алу мақсатындағы шарада ембілік мамандар өздерін әр қырынан көрсете білді десек те болады. Ембі өндірісінде жүрген мұнайшылар, қызметкерлер осы шарада өздерін мүлдем басқа болмыста көрсете білгенін көріп, Ембі өндірісі талантты жандарға толы екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Осы шарада тамаша өнерлерін көрсеткен жеңімпаздар Москва қаласында ҚР елшілігінің ықпалымен өткен «Фариза» атты қойылымға қатысып қайтты. Бұл үнемі дала төсінде еңбек етіп жүрген біздің мамандарға ерекше серпін берері даусыз.

Компанияға қарасты «Мұнайшы қыз» әйелдер клубының жұмысына алдағы уақытта да тиісті деңгейде қолдау болатынын атап өткім келеді. Біз мұнайшы қыздарға қолдау жасау арқылы, ұрпақ тәрбиесі мен отбасылық құндылықты сақтауға аздап та болса үлес қосамыз деп ойлаймыз. Себебі, табысты әйелден ғана саналы ұрпақ өрбиді. Ал, саналы ұрпақ еліміздің ертеңі. Отбасында татулық жарасымын тапқанда ғана адамның еңбегі табысты болмақ. Осыны ұмытпау керек.